Құрметті үржарлықтар және аудан қонақтары!

Келе жатқан 2011 жылмен шын жүректен құттықтауларды қабыл алыңыздар!

Уақыт өтіп, жаңа жылға қадам басқан сайын, өткенге есеп беріп, болашаққа үлкен үмітпен қараймыз. Өтіп бара жатқан жыл біз үшін жарқын оқиғаларға толы болды. Ең бастысы Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. ЕҚЫҰ сияқты беделді ұйымның тізгінін Қазақстанға ұстату арқылы әлемдік қауымдастық Қазақстанның, Қазақстан Президентінің әлем алдындағы беделін танып, қуаттап отыр. Соның бір айғағы Азия және ТМД мемлекеттері арасында тұңғыш рет осы ұйымның Саммитін өткізуіміз дер едік. Тиісінше, Қазақстан төрағалық еткен бір жылдың ішінде ЕҚЫҰ-ның беделі мен белсенділігі де мейлінше артты. Қазақстан ұйым жұмысына тың, жаңаша серпін берді. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіз еліміз дүние жүзіне танылып, бүгінде әлем қауымдастығы Қазақстан мемлекетінің болашағына үлкен үмітпен, зор сеніммен қарайды. Осының бәрі еліміздегі саяси тұрақтылықтың, береке-бірліктің жемісі.

Экономиканы дамыту мен адамдардың игі жағдайын жақсартуға бағытталған стратегиялық курстарды жетістікпен іске асырып, алға шыға алған Қазақстан туралы бүкіл әлем сөз етті. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті деңгейге көтеруде біздің мемлекетіміздің Елбасының жүргізетін саясатының қарқынын сақтау бізге болашақта 50 әлемдегі дамыған елдердің қатарына кіруге жол ашады.

Міне, 2011 жыл тарих еншісіне кетіп барады. Ол Отанымыздың жылнамасына айшықты оқиғаларымен жазылатынына сенімдімін. Бұл Тәуелсіздігіміздің -20 жылдығы. Осы жылдары, біз мақтаныш тұтатын жетістіктер дұрыс таңдалған стратегиялық жолдар, басымдықтар мен ұстанымдардың арқасында жүзеге асты. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп келе жатқан мемлекеттік саясаты Қазақстанның тұрақты дамып, басқа елдермен ынтымақтастығының кепілі болуда.

Құрметті жерлестер! Жаңа 2011 жыл Қазақстан жеріне бейбітшілік пен мейірім, сенім мен үміт енгізіп, махаббат әкелсін және біздің еліміз бен ауданымыздың дамуындағы жаңа кезеңінің бастамасы болсын.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, жанұя жайлылығын, береке-бақыт, барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін. Әрбір шаңырақта сүйіспеншілік, шаттық, молшылық орнасын!

Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін! Отанды және туған Үржарды өркендетуде барлық белгіленген жоспарларды жүзеге асырудағы жұмыста табысты болыңыздар.

Біз Үржар жерінің Қазақстанның сенімді тірегі екендігін мақтанышпен айта аламыз! Біз Қазақстанның барынша дамыған елдер қатарына қосылуы үшін мақсаткерлікпен белсенді еңбек етіп, бар күш-жігерімізді сала бермекпіз.

Жаңа жылдарыңызбен!

Бір түсініктеме

  1. maksat сказал:

    Жаңа жыл береке әкелсін!!!

Түсініктеме қалдыру

Назар салыңыз Модератор сіздің түсініктемелеріңізді өшіре алады.